Бүгін - Тау күні

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық Тау күні. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының шешімі бойынша атап өтіліп келеді.

Бас Ассамблеяның қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған ерекше өзекті мәселелер белгіленген. Бұл атаулы күннің мақсаты - таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау.

Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар  адамдардың  10 пайызға жуығының  баспанасы. Оған қоса, таулар - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.