Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша,әлемде өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болғандардың - 90 пайызы, созылмалы қолқа дертінен көз жұмғандардың - 75 пайызы және жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болғандардың 25 пайызы темекі шегудің салдарынан екен. Оған қоса, әрбір 10 секунд сайын әлемде бір шылымқор көз жұмады екен (2020 жылға дейін бұл деңгей әр 3 секунд сайын бір адамға жетуі мүмкін).
Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күнінің мақсаты - темекіге тәуелділікті төмендету, темегі шегумен күреске барлық адамдарды тарту, темекі шегудің алдын алу және темекінің адам денсаулығына зияны туралы қоғамды хабардар ету.