НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы қазақстандық «Тобыл» бүгін сырт алаңда Венгрияның «Ференцварош» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған кездесу елорда уақытымен 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын Будапешт қаласындағы 23 700 жанкүйерге арналған «Гроупама Арена» стадионында болады.
Кездесуде польшалық Кшиштоф Якубик бас қазы қызметін атқарса, оған отандастары Бартош Хейниг пен Томаш Немировски көмекшілік жасайды.
Жұп бойынша жеңімпаз атанған команда екінші іріктеу сатысында «Слован» (Словакия) мен «Динамо» Батуми (Грузия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Ұтылғаны Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Шкупи» (Македония) мен «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбындағы жеңілген командамен ойнайды.
Еске салсақ, «Тобыл» UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында тең түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.