Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 шілдеде Ай өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесінде болады. Планета мен спутник арасындағы қашықтық – 357 263 км болады, ал 9,5 сағаттан кейін Ай толады.
«13 шілдеде толық Ай көкжиектен сағат 21-ден кейін пайда болады және түн ортасы шамасында оңтүстік көкжиектен ең жоғары биіктіке көтеріледі. Түні бойы Күн шыққанға дейін Ай Мерген шоқжұлдызында жарқырайды», - деп хабарлады ТАСС агенттігіне планетарий.
Аспан ашық болса, толған Аймен бірге екі планета – Сатурн мен Юпитерді де көре аласыз.