Соңғы жылдары бүкіл әлемде төзбеушілік, экстремизм және зорлық-зомбылық көріністері күрт көбейіп отыр. Көңіл алаңдататын бұл үдерістің салдарынан, жекелеген адамдар, кейде тұтас қауымдар өздерінің этникалық, діни, ұлттық немесе басқа да өзгешеліктері үшін зорлық-зомбылыққа ұшырап жатыр. Мейлі геноцид болсын немесе күнделікті кемсітушілік фактілері болсын, олардың барлығы әрбір адамның алаңдаушылығын туғызуы керек.
Біздің әрқайсысымыз төзушілік, өзара құрмет және бейбіт жағдайда қатар өмір сүру қағидаларын қолдауға талпынуымыз керек.