09:26, 24 Наурыз 2009
Бүгін - Туберкулезбен күресудің бүкіләлемдік күні
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Бүгін - Туберкулезбен күресудің бүкіләлемдік күні.
Бұл күн -Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез таяқшаларын ашқан күнінің (1882) құрметіне орай атап өтіледі. 1998 жылғы қарашаның 16-сында Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Онда туберкулезбен күрестің негізгі шаралары анықталды. Бағдарламаға Люксембург денсаулық сақтау министрлігі, Швецияның Корольдік академиясы, Токионың медицина мектебі, Гамбургтегі Медициналық білім академиясы сияқты шетелдік ұйымдар тартылды.Қазақстанда жыл сайын 20-27 мың адам туберкулезге шалдығады. 4-6 мың адам осы сырқаттан қайтыс болып, 3 мыңы мүгедектер қатарына қосылады.