«Елнұр» асханасы мен халық тұтынатын тауарлардың 2 дүңгіршегі өртенді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт бір сағаттан астам уақыттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 58 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 250 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.