ҚР ТЖМ таратқан хабарламаға сүйенсек, тілсіз жау елордалық Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 52 адамы мен 12 техникасының күшімен жарты сағатта ауыздықталды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.