«Биылғы жыл бейбітшілік пен келісім жылы болсын, оны құдайға сыйынып, тазалықта өткізейік», - деді Қазақстан Республикасындағы орыс православие шіркеуінің Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстанның митрополиті Александр өзінің құттықтау сөзінде. Астана қаласы Дін істері басқармасының хабарлауынша, мерекелік құдайға құлшылық ету шаралары барлық православиелік соборларда ұйымдастырылады. Бүгін Успен кафедралды соборында сағат 21:00-де рождестволық литургия алдындағы құлшылық ету, ал сағат 23:00-де түнгі мерекелік литургия өтеді. 7 қаңтарда мерекелік шаралар таңертең сағат 8.00-де құдайға құлшылық етуден басталады. Сағат 9.00-да таңғы мерекелік литургия, ал сағат 11:00-де Қазақстан православиелік шіркеуі мен мемлекеттік билік өкілдерінің құттықтау рәсімі өтеді. Мереке соңында сағат 17:00-де Успен кафедралды соборында рождестволық кеш ұйымдастырылады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.
18:24, 06 Қаңтар 2015
Бүгін түнде Астананың Успен кафедралды соборында мерекелік литургия өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қаңтарда барша православиелік христиандар Рождество мерекесін атап өтеді. Рождество алдындағы кеште Сочельник болады. Бұл түні Рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастархан жайылады.