Қазақстанның солтүстік аумағына антициклон әсер етіп, түнде кейбір жерлерде үсік жүреді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытып, кейбір жерлерде ауаның температурасы 0-3 градусқа дейін салқындайды.