Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның кезекші бөліміне ақпарат түсісімен, ТЖ орнына шұғыл әрекет ету қызметі, соның ішінде ТЖД-ның 6 адамы мен 1 техникасы дереу жетті.
70 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз аумаққа шығарылып, арнайы іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.