Мереке бастапқысында жастармен де, спортпен де ешқандай байланыспаған. Қара теңiздің Самсун айлағында Түркия Республикасының бiрiншi президенті Мұстафа Кемаль Ататүрік 1919 жылдың 19 мамырында шетелдiк интервенцияға қарсы мобилизация жариялады. Сол кезде Түркия мен Грекия соғысып жатқан болатын. Тәуелсіздік үшін ұлттық қозғалыстың негізін жастар құрады. Ататүрік республиканың болашағын құруды жастардың қолына бере отырып жаңа мемлекеттің маңызды элементін жасауды көздеді.
07:47, 19 Мамыр 2011
Бүгін Түркияда жастар және спорт күні
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияда жастар және спорт күнi. Бұл күн Түркияның ұлттық мерекесі болып саналады.