Атап өтсек, Владимир Путин 8-9 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
Кремль баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес Владимир Путин бірқатар мемлекеттер көшбасшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысады.
Еске салсақ, саммит барысында ШЫҰ қызметінің мәселелерін талқылау және Ұйым үшін маңызды - Үндістан мен Пәкістанға толыққанды мүше мәртебесін беру туралы шешім қабылдау жоспарлануда.