деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты рәсімге, спорттық делегация жетекшісі, Спорт комитетінің төрағасы Анатөлі Құлназаров, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері және спортшылар қатысады.
Ұлттық жалауды көтерудің дәстүрлі рәсіміне олимпиадалық деревня президентінің спортшылар делегациясына арнаған жолдауы, Олимпиадаға қатысуш елдің мемлекеттік әнұранының орындалуы және ескерткіш кәдесыйлармен алмасу рәсімі кіреді.
Штаттағы ұлттық командалар мен спорттық резервтер дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов телефонмен жаңа ғана хабарлағандай, «барлық спортшылар олимпиадалық деревняға келіп жайғасты және жаттығуларына кірісті. Қазіргі кезде трассалар зерттелуде. Спортшылардың көбісі допинг-тексеруден өтіп болды. Дүниежүзілік антидопингілік агенттіктің тарапынан біздің делегацияға ешқандай сын-ескерту айтылған жоқ».
Айта кету керек, Канадада күн жылы болып тұр. Уистлерде бүгін 5 градус. Дегенмен, трассаларда қар жеткілікті, Ойындарға ештеңе кедергі болмауы керек. Спортшылар ауа райына бейімделіп болды, олар жарысқа әзір.