Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, сондай-ақ ҰҚК Академиясының ардагерлері мен қызметкерлері, түлектердің туысқандары қатысты, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.
«Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты қолдауы арқасында ҰҚК заманауи деңгейге көтерілген кәсіби арнайы қызметке айналып, әлемдік және өңірлік арнайы қызметтердің тең құқылы серіктесі болуда»,- деді ҰҚК төрағасы.
Құттықтау сөздерден соң Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев, ҰҚК Академиясының бастығы Әділ Шаяхметов, отставкадағы генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев ҰҚК Академиясының түлектеріне дипломдарды табыс етті.