Бүгін Украина Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Фашист басқыншыларынан азат етілген күн

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүгін Украина Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Фашист басқыншыларынан азат етілген күн.

1995 жылдан бастап, Закарпатия астанасы Ужгород қаласын басқыншылардан азат еткен күннің құрметіне орай атап өтіледі. Қазақстан Республикасы мен Украин Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 22 шілдеде орнатылды.