«9.00. Президент НАТО-ға мүше елдердің басшыларымен Украинадағы және оның айналасындағы қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін бейнеконференция форматында шұғыл саммитте кездеседі», - делінген құжатта.
Келіссөздер жабық форматта өтеді.
Бұдан бұрын АҚШ басшысы Солтүстік Атлантикалық альянстың саммитте әрі қарай өз қызметін нығайту мәселелерін қарастыратынын айтқан. Одан бөлек, кездесуге НАТО-ға мүшелік етпейтін Финляндия мен Швеция шақырылды.