Бүгін - Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алу және аза тұту күні

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алудың жалпыхалықтық күні ҰОС басталған күні атап өтіледі (1941 жылдың 22 маусымы).

72 жыл бұрын (1941) гитлерлік Германия Кеңес Одағына шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды. Осы күні Ұлыбританияның Премьер-министрі Уильям Черчиль фашистік Германияға қарсы соғыста Кеңес Одағына қолдау білдіретіндігі туралы мәлім етті. Қазақстаннан майданға әрбір бесінші қазақстандық, нақты айтқанда, 1 млн. 196 мың 164 адам аттанды.