Бүгін Үндістанда Жаңа жылдың басталуы тойланады

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістанда Жаңа жылдың басталуы мерекеленеді. Бұл күнді үнділер жаңа жылдың басы деп белгiлеген.

Үнділердің бірнеше мың жылдар бойы жалғасып келе жатқан сенімі бойынша, Құдай ана - Ганга дәл осы күні аспаннан жерге түскен. Сол үшін олар сәуірдің 13-де қасиетті Ганга өзенінің жағалауында суға түсу үшін жиналады.