Алатау бөктерінде өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстандық фристайл-акробатшылар өздерінің бәсекеге қабілетті екендерін дәлелдеп, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
Бүгін спорттың бұл түрінен ұлттық құрама Корея елінде өтетін Бугван Фёникс Паркта әлем кубогының кезеңіне қатысады.
Бұл сайыста қыздар арасында ел намысын Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаева, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, ерлер арасында Бағлан Іңкәрбек, Ильдар Бадрутдинов, Лим Дмитрий және Заманбек Ақжол қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, қысқы Олимпиада ойындары келесі жылы Корея елінде өтеді. Сол үшін бұл елде өткен әрбір жарыс біздің спортшылар үшін аса маңызды.