Бүгін Вашингтонда Барак Обаманы ұлықтау рәсімі өтеді

None
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Вашингтонда АҚШ Президенті Барак Обаманы ұлықтау рәсімі өтеді.

Салтанатты шара барысында мемлекет басшысы елдің дамуына арналған өз көзқарасын белгілеп, сөз сөйлейді. Осыдан кейін Б.Обама Капитолиядан Ақ үйге дейінгі 2 шақырымдық жолды жаяу немесе машинамен жүріп өтеді. Ол жерде АҚШ қарулы күштерінің барлық түрінің қатысуымен әскери шеру болады. Сондай-ақ американдық поп музыка жұлдыздарының концерті ұйымдастырылады. Бұл шаралардың барлығын президент оқ өтпейтін арнайы мінберден бақылайды.

Қауіпсіздікті шамамен 20 мыңға жуық түрлі құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, салтанатты шараны 800 мыңға жуық адам тамашалайтын болады.

Кеше АҚШ Президенті ант қабылдаған болатын. Ақ үйде өткен шараға оның отбасы мүшелері мен көмекшілері ғана қатысқан еді. Президент антын ел Жоғарғы сотының басшысы Джон Робертс қабылдады.