Күтіліп отырғандай, 1992 жылы ғылыми диссертациясын жазу кезінде шығармашылық ұрлық жасағаны анықталып, және сол үшін қызметінен кетуге тура келген бұрынғы президент Паль Шмидтің орнына жалғыз үміткер - Еуропарламенттің 52 жастағы депутаты Янош Ядер болады.
Адердің кандидатурасын құқықтық-консервативтік коалицияның көшбасшысы, Венгия премьер-министрі Виктор Орбан ұсынды. Венгрия Үкіметі басшысының пікірінше, ол таңдаған кандидат Венгриядағы «қауіпсіздік пен нақтылыққа» кепіл бола алатын, сондай-ақ «конституциялық құрылыстың нығаюын» қамтамасыз ете алатын тұлға болып табылады.