Бүгін волейболдан XV Азия чемпионатының ширек финалында еліміздің ойыншылары Қытай құрамасы мен кездеседі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Филиппинде өтіп жатқан волейболдан  XV Азия чемпионатында Қазақстан  құрама командасы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, үздік сегіз команданың қатарынан көрінді.

Бүгін еліміздің ұлттық құрама командасы  ширек финалда ең мықты командалардың бірі - Қытай құрамасымен кездессе, ертең Иран командасымен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.