Бүгін Юрмалада «Жаңа толқын» конкурсы басталады

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін, шілденің 27-сінде Латвияның Юрмала қаласында жас орындаушылардың «Жаңа толқын-2010» конкурсы ашылады.

Бұл конкурсты о баста, 2002 жылы ресейлік композитор Игорь Крутой мен латвиялық композитор Раймонд Паулс ұйымдастырған болатын. 2005 жылдан бастап Алла Пугачева форумның музыкасы атанды. Конкурстың басты мақсаты - жаңа есімдерді ашу.

Биылғы конкурстың финалында әлемнің 12 елінен 17 орындаушы қатысады. Қазақстанның атынан жас әнші Қайрат Түнтеков өнер көрсетеді.