Бұл мереке отбасындағы қарым -қатынасты нығайтуды көздейді. Ер адамдар өз сезімдерінің шынайылығын көрсету үшін ғашықтық сөзін жұрт алдында, сахнада тұрып немесе қатты айқайлап айтуы тиіс. Ол үшін қоғамдық саябақта арнайы сахна орнатылады. Оған кез келген үйленген ер адам шығып, дүйім жұрттың көзінше әйеліне өз сезімін жеткізе алады, деп жазады piter.tv. Бұл дәстүрдің шыққанына көп болмаса да қоғамнан қолдау тапты, Жапонияның қиыр-қиырына дейін танылып үлгерді. Көп ер адамдар тіпті шоу ұйымдастырып, ән айтып, өлең оқып, алдын ала дайындаған сөздерін сахнаға шығып оқиды.
09:00, 31 Қаңтар 2014
Бүгін жапондықтар әйеліне деген махаббатын жұрт алдында дәлелдейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін - Жапонияда күйеуінің жұбайына деген махаббатын білдіру күні.