«Бүгін Президент пен барша қазақстандық үшін маңызды күн. Санаулы минуттардан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталады. Жиында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Басталуы сағат 11:00-де»,-делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жариялайтыны бұдан бұрын да хабарланған болатын.
Жиынға қатысушылар Парламент ғимаратына келіп жатыр.
Жолдауға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың ресми тұлғаларымен қатар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері де қатысады.