БҰҰ кедейлікті «қанағаттанарлық тұрмыс үшін қажетті ресурстардың ұзақ уақыт болмауы» деп қарайды. Халықаралық сарапшылардың мәліметі бойынша, 20 ғасырдың соңында ғаламшар тұрғындарының төрттен бір бөлігіне жуығы, яғни жарты миллиард адам кедейліктің кебін киіп отыр. Олардың зерттеуіне сүйенсек, 1999 жылдан 2007 жылға дейін тұрмыс жағдайының нашарлығынан 300 миллион адам көз жұмған екен. Екі дүниежүзі соғысында да мұнша адам опат болмағанын атап өту керек. Осыған байланысты, БҰҰ кедейлікті түбірімен жоюды көздейтін бірнеше бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламалардың алғашқысы 2000 жылы жүзеге асырыла бастады, алайда бұдан жоқшылықта өмір сүріп отырған адамдардың саны азайған жоқ.
Көптеген елдерде мемлекеттік, халықаралық бағдарламалармен қатар әртүрлі діни, қайырымдылық, қоғамдық ұйымдар және жеке меценаттар жарлылырға қол ұшын беріп жатады.