Алдағы уақытта дәстүрге айналатын аталмыш стипендияның алғашқы иегерлері болып 4 PhD докторанты анықталды. Олар: Физика-техника факультетінің аға оқытушысы Әнуар Алдоңғаров, Математика-механика факультетінің аға оқытушысы Ақсәуле Жұбанышева, Үміт Тұрысбекова, Физика-техника факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әлия Нұрмұханбетова.
«Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жас ғалымдарға үнемі қамқорлық жасап келеді. Адам капиталын дамыту арқылы биік белесті бағындыруды басты мақсат еткен еліміз үшін жас ғалымдарға қолдау көрсету игі шара саналады. ЕҰУ ректоры Б.Әбдірайым бастаған игі қадам өзге де университет басшыларына үлгі болары сөзсіз, деп атап өтті баспасөз қызметі.