Бүгін - Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақтың дарынды ақыны, Ләйлә туралы шабытты жырлардың авторы Жұматай Жақыпбаевтың (1945-1990) туған күні.

Тірі болғанда ақын 72 жасқа толар еді.

Жұматай Сағадиұлы Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Талдықорған облыстық газетінде, «Жалын» баспасында, «Жалын» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. «Саратан», «Ләйлә», «Шұғынық гүл төркіні» жыр жинақтарын жазған ақын 45 жасында бақилық болды.

Көзі қарақты оқырман Жұматайдың Ләйләға арнап жазған лирикалық жырларын жақсы біледі. Жұматайдың бұл махаббаты аңызға айналды.

Кетер күнім... Келер, келер ол дағы,

Бір қаралы шеру шығар жолға әлі.

Сол бір кезде жан баласы жыламай

Ләйлә, жалғыз сен өксісең болғаны, - деп жазған Жұматай өмірлік музасына «адамзат жазбаған жыр» арнап, кейінгі буын сүйсіне оқитын жауһар шығармалар қалдырды.