Зияткерлік меншік құқығы дүниежүзілік ұйымының Бас ассамблеясы 1999 жылдың қазанында өткен отырыс барысында бұл датаны бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл аталмыш дүниежүзілік ұйымның құрылған күні.
Шығармашылық пен білімнің нәтижесі ретінде патенттер, тауар белгілері, авторлық құқық және аралас құқық бүтін әлемдік қауымдастықтың экономикалық және мәдени дамуына үлес қосатын қуатты тетіктер болып табылады.