Бүгінде елдің саяси ландшафын Қазақстан халқы Ассамблеясынсыз елестету мүмкін емес - Жамбыл облысы поляк ұлттық-мәдени орталығының төрағасы

БЫЛ ОБЛЫСЫ.  Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/  - Ассамблеяның    биылғы  сессиясы     мемлекетіміз   үшін    оңай   кезге  тұс  келіп  отырған  жоқ.   Жаһандық  экономикалық дағдарыс   бүкіл  тек  әлемнің    қаржылық  жүйесіне ғана емес,    адамзаттың  этносаралық   және  дінаралық   қатынастар сияқты        өте   сезімтал проблемаларға

   да әсер  етті, деді   ҚазАқпарат тілшісіне  берген   сұхбатында    Жамбыл  облысының    поляк   ұлттық-мәдени орталығының  төрағасы Владимир Каневский.



Оның айтуынша,   әлемде   болып жатқан   оқиғалар,   ішкі саясаттың басымдықтарының  бірі  ретінде -  азаматтық   тыныштықты,   ұлттық бірлікті,    этносаралық   және  конфессияаралық   келісімді  қамтамасыз  етуді     таңдап   отырған  Қазақстанның     тәжірибесінің      қаншалықты    өзекті екенін  көрсетіп  отыр.

 «Өткен  жылдар  бойы  біз   қоғамдық  түрлендірудің  негізгі    шартына айналған осы  парадигманы   ұстанып  келеміз. Және бүгінде      елдің саяси ландшафын   Қазақстан  халқы   Ассамблеясынсыз  елестету  мүмкін  емес. 1992 жылы   Қазақстан  халқының   Бірінші форумында Елбасы алғаш   рет   жария  еткен   осы  қоғамдық институтты  құру  идеясы  табысты жүзеге асып келеді.     Қазақстанның  халқы Ассамблеясы Президент  жанындағы  консультативтік-кеңес  органынан  мемлекеттік  ұлттық саясаттың     маңызды элементіне,    этносаралық  келісімнің   қазақстандық  моделінің       маңызды  сипатына айналып отыр.

 «Ұлттық бірлік -   біздің  стратегиялық   таңдау» -  Қазақстан халқы  Ассамблеясының XV сессиясының  күн  тәртібі осы  мәселеге арналды.

 Ассамблея мүшелері мен  сессияға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген  Елбасы, Ассамблеяның әрқашан  сауатты және   нақты  жұмыс істеп  келгенін   атап  көрсетті.  Сондықтан  да  ол   біздің еліміздің      бүгінгі   сенімді    дамуының    авторларының біріне айналып отыр.   Бүгінде  Ассамблея   арнайы Заңмен     анықталған   жаңа құқықтық мәртебенің аясында  қызмет  етуде,   Ол  ұйымдастырушылық  тұрғыдан   анағұрлым күшейтіліп отыр.

 Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев Ұлттық   бірлік  доктринасына қатысты  өз   ойымен  таныстырды. Ассамблеяның  бұған дейінгі XIV сессиясында    Елбасы      қазақстандық халық  бірлігі  доктринасының  қажеттілігін негіздеген  болатын.  Ол құжаттың жобасын  бүгін  сарапшылар  мен      ғылыми қоғамдастық  өкілдері  қызу  талқылап жатыр.   Құжат    қазақ халқының тарихындағы тамыры терең  «Менің елім»  тарихи-философиялық     ұғымның контексінде Қазақстан  халқын біріктіруге  бағытталған.

 Доктринаның  негізгі   идеяларының бірі -   қазақстандық қоғамның  даму  және  өзіндік  теңестірудің    негізін    құраушы    жалпы адамзаттық құндылық ретінде  қазақстандық патриотизмді    құрастыру  болып табылады. Менің  ойымша,    жер-жерлерде     іргелі  құндылықтарды    және   ұлысаралық  қатынастарды нығайтуда    этносаралық бірлестіктер  маңызды  роль атқарып отыр.

Тіпті,    халқы аз   этникалық топтардың  өзі   біздің елімізде   өз этникалық   бірлестіктерін   құруға,     ана тілдерін,  өз халықтарының салт-дәстүрлерін  сақтау  мүмкіндіктеріне ие.   Мысалы,   Жамбыл облысында   бірнеше  ондаған  ғана өкілі  тұратын  поляк  диаспорасы  сияқты.  

 Мен,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың   көреген  саясатының,  оның    ең күрделі  деген   проблемаларды  алдын ала көріп,  біліп,   ең бастысы  сол түйінді  мәселелерді  шеше  білу     қабілетінің арқасында еліміздің   саяси және экономикалық дағдарыстардан  шығатындығына  сенемін», - деп түйіндеді  өз сөзін В. Каневский.