«Қазіргі кезде астықтың 72 пайызы жиналды. Атап айтқанда 18,3 млн. тонна астықты бастырдық. Алдын ала болжамда біз 18 млн. тонна астық жинаймыз деп жоспарлаған едік. Енді бұл көрсеткішті түзететін боламыз»,-деді министр. А. Мамытбековтың пайымдауынша, биыл жиналатын астық көлемі 20 млн. тоннадан асуы мүмкін. Республика бойынша орташа астық шығымдылығы гектарына 15,7 центнерді құрап отыр.
18:30, 19 Қыркүйек 2011
Бүгінде елімізде 18,3 млн. тонна астық бастырылды
ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінде елімізде 18,3 млн. тонна астық бастырылды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.