деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, Қазақстанда 1995 жылдан бері полиомиелит инфекциясы тіркелмеген.
«Атап айтқанда, бұл дерттің ошағы Тәжікстанда тіркелді. Осы елде қазіргі кезде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Ресейде аурудың сырттан келген екі оқиғасы анықталды», деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Тәжікстанда полиомиелиттің 278 клиникалық оқиғасы тіркелді. Оның 13-де адам шығыны орын алды.
«Бұл елде қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың көмегімен 1 миллион 100 мың балаға дәрі егілді»,-деді еліміздің бас санитарлық дәрігері.
К. Оспановтың айтуынша, бүгінде аталған инфекциялық дертке қарсы вакцина елімізде жеткілікті.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл дерттің алдын алуға қатысты арнайы штаб құрылған. Сондай-ақ Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде 15 жасқа дейінгі балаларда полиомиелитке қарсы вакциналардың егілулері туралы сертификаттарды тексеру және егілу сертификаты жоқ балаларды одан әрі халықаралық әуежайлар мен теміржол вокзалдарының медициналық пунктерінде вакциналау қолға алынған. Әсіресе, Тәжікстаннан келген адамдарға санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.