Бүгінде Ресей әр тиынды бақылауда ұстап келеді ? РФ Есеп палатасының төрағасы

None
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ресей бюджет тарапынан бөлінген әрбір тиынды бақылауда ұстап келеді.
Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі дағдарыс жағдайында Ресей Федерациясы да экономиканы басқарудың «қолма-қол» тәртібіне көшіп, республикалық бюджеттен бөлінген әрбір тиынды қатаң бақылап келеді. «Осыған орай, біздің президентіміз Дмитрий Медведев те бюджеттің әрбір тиынын қадағалауға қатысты маған нақты тапсырма берген болатын. Бұл үдеріс барлық мемлекеттердің экономикаларында орын алып отыр. Білуімше, Қазақстан да осындай жүйеге ауысты» - деді С.Степашин.