Бүгінен бастап Қазақстанда «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Бүгінен бастап Қазақстанда «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушыларды автокөлікпен  тасымалдаудың қауіпсіздігі және автобус паркі жағдайының мәселелері жол полициясының бақылауында тұрақты болуы кездейсоқ емес. Себебі, жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен 350-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алып, оның нәтижесінде 100-ден астам адам қаза тапса, 450-ге жуық адам жарақат алады екен. Ал ағымдағы жылдың 6 айында ғана автобус жүргізушілерінің кінәсінен 138 оқиға тіркелсе, онда 19 адам адам қаза тауып, 158 адам жарақаттанған. Осыған орай ІІМ жолаушылар көлігі апатының алдын алу мақсатында ағымдағы жылы тамыздың 3-8-і аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді.

Акция барысында жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықты айқындау,  автобустардың соңғы аялдамаларында, автостансыларда, жол полициясы бекеттерінде техникалық жай-күйін тексеру, нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып автобустарды жүргізу және пайдалану, сондай-ақ жолаушылар көлігінің жүргізушілері рейс алдында медициналық және техникалық  байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режіміне рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.