«Қазақстандық әскери қызметшілерге, Отан қорғаушыларға зор денсаулық, жеке өмірлерінде бақыт және қызметтерінде зор табыс тілеймін. Сонымен қатар қазақстандықтар әр уақытта да бейбіт аспан астында өмір сүрсін, бай-бақуатты болсын. Бүгінгі өткен әскери шеру Қазақстанның армиясы қандай қуатты екендігін паш етті. Олар біздің Отанымызды қорғаушылар», - деді соғыс ардагері.
20 жасында соғыстың ащы дәмін татқан ол кезекті ұрыстардың бірінде ауыр жарақат алғаннан кейін Қарағандыдағы әскери госпитальде емделген. Содан кейін Қазақстанда тұрақтап қалған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін бірнеше медальмен марапатталған.