Бүгінгі Астана - Түркістан рейсі 15 сағатқа кешігіп ұшады
Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша 29 шілде сағат 16:30-да ұшады деп жоспарланып отыр.
«Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз» деп түсіндірді компаниядан.
Рейс жолаушыларына мынадай көмек бар:
- Екі сағаттан артық кешіккен кезде:
жолаушылар алкогольсіз сусын, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады.
- Төрт сағаттан артық кешіккенде ыстық тамақ ұсынылады.
- Бес сағаттан артық кешіккенде бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
- Бес сағаттан артық кешіккенде қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар билет құнын толық қайтарып ала алады.
- Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.
Аталған мәселе бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласу керек.