Бұл соғыста Кеңес Одағынан 25-26 млн. адам қаза тапқандығын атап өткен Мемлекет басшысы: «Сондықтан мынау бейбітшіліктің қадірін қазір жақсы түсінуміз керек»,-деді.
ҚР Президентінің пайымынша, біздің ата-бабаларымыз Ұлы Отан соғысында ерліктің, бірліктің зор тәжірибесін көрсетті.
«Егер біздің бабаларымыз сол Жеңіске қол жеткізбеген болса, біз бүгінгі тәуелсіздікті көрер ме едік, көрмес пе едік? Соны қадірлей білуіміз керек»,-деді Елбасы.
Сондай-ақ, Елбасы ардагерлерге әрқашан қамқор болу қажеттігін атап өтіп, бұл істен мемлекеттің де тысқары қалмайтындығын баса айтты.
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр уақытта халқымызда бақыт, береке, бірлік болсын деп тілеймін»,-деді Мемлекет басшысы.