Бүгінгі Қазақстан тұрақталған мемлекет, оның халықаралық беделі өсіп келеді - Вацлав Гавел

None
СТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Прагада ҚР Елшісі Анарбек Қарашев Чех республикасының тұңғыш президенті, танымал саясаткер Вацлав Гавелмен кездесті,

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында қазақстандық дипломат тәуелсіздік жылдарындағы біздің еліміздің даму үдерісі туралы баяндады, нақтырақ айтсақ, экономикалық және саяси реформалар әңгіме өзегіне айналды. А.Қарашев ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі басымдықтарымен таныстырып, ЕҚЫҰ төрағалығы ретіндегі басымдықтары туралы да сөз қозғады.

Өз кезегінде Вацлав Гавел «Чехия мен Қазақстанды өткендегі ортақ тоталитарлық тарих байланыстырып отырғанын айта келе, Қазақстан қазіргі күні тұрақталған мемлекет болғанын, оның халықаралық беделі өсіп келетінін» атап өтті.