Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде атмосфералық ағынардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жауын, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанй, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Оңтүстік, шығыс өңірлердегі таулы өзендерде судың толқуы күтілуде.