деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жыл сайынғы республиканың балық шаруашылығы су айдындарында уылдырық шашу кезінде браконьерлікке, бекіре тұқымдас және басқа балық өнімін контрабандалық тасымалдауын тоқтатуға бағытталған «Бекіре-2010» және «Уылдырық шашу-2010» кең ауқымды балық қорғау акциясы жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерімен, атап айтқанда ҚР Ішкі істер, Қоршаған ортаны қорғау, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктерімен, ҚР ҰҚК Шекара қызметімен, ҚР Бас Прокуратурасымен, сондай-ақ Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (Қаржы полициясы) бірлесіп, жоғарыда аталған акцияға қатысушы органдар аумақтық бөлімшелерінің әрекетін үйлестіру бойынша шаралар кешенін әзірледі. Табиғат қорғау заңнамасының бұзушылықтарымен күресу және өсімдік пен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Аталған жоспарға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері браконьерлік ықтимал жерлерде бірлескен әрекет жоспарын, тиісті күштер мен техникалық құралдар орналасқан картаны бекітті.
Бүгінгі күні Республика бойынша жалпы 2627 балық қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Қазіргі таңда кең ауқымды акция жалғасуда.