Бүгінгі отандық киноиндустрия ҚР Президентінің арқасында дами түсті - Е.Аманшаев

None
БЕЙЖІҢ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында қазіргі қазақ киноиндустриясы, оның инфрақұрылымы соңғы бірнеше жылдың ішінде дамудың жолына түсті.

Бұл туралы Бейжіңде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев Қытайдағы Қазақ киносы апталығының ашылуында атап өтті.

Оның айтуынша, Бейжіңге жеткізілген туындылар түрлі жанрда түсірілген және олар қытайлық көрерменге Қазақстанның шежіресінен және қазіргі тынысынан сыр шертеді.

Е.Аманшаев отандық кинематографтың жарқын өкілдерін атап өтті, олар - Әмір Байғазин, Әділжан Ержанов, Серік Әбішев, Фархат Шәріпов, Асқар Ұзабаев, Жасұлан Пошанов, Ахат Ыбраев және т.б.

«Қазақ кинематографының тарихында тұңғыш рет 28 жастағы режиссер Әмір Байғазиннің «Үндестік сабақтары» туындысы Берлин кинофестивалінде «Алтын аюға» лайықталды», - деп табыстармен бөлісті Е.Аманшаев.

Қытайдың атақты әртісі Ван Сюебин де Бейжіңдегі Қазақ киносы апталығының ашылу салтанатына қатысты.

Еске сала кетейік, Бейжіңде Қазақ киносының апталығы басталды.