«ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық жоғары деңгейде жүргізілді. Бұл сайлауды нағыз лайықты тұлғалардың сайлауы деп айтуға болады. Партиялар Қазақстанның барлық өңірлері бойынша белсенді жұмыстар атқарып, сайлауға нағыз лайықты деген тұлғаларды ұсынды», - деді С.Жиенбаев.
Сонымен қатар, қоғам қайраткері халықты келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, елдің игілігі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
«Шын мәнісінде әлемдік қаржы дағдарысы бізге жеткен жоқ. Бірақ, қиындықтар баршылық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында бұл қиындықтарды еңсереміз деген сенімдемін. Сондықтан, дағдарыс бізге жетпесін десек, әрбір азамат қоғамның игілігі үшін аянбай еңбек етуі тиіс. Әсіресе, жастарға жүктелер жауапкершілік жоғары. Елді жарқын болашаққа бастау, беделін сақтап қалу - жастардың белсенділігіне тығыз байланысты», - деді С. Жиенбаев.