Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi уақытта бiздiң спортшыларға жасаған әлеуметтiк жағдайлар бүкiл әлем бойынша үздiктердiң қатарында.
"Әлемде Қазақстан сияқты өз спортшыларына әлеуметтiк жағдай көрсетiп отырған бiрде бiр мемлекет жоқ. Бiрiншiден, заңға Паралимпиада мен Сурдлимпиада туралы бөлек баптар арнағанымыздың өзi жетiстiк. Екiншiден, жеңiмпаздарға өмiр бойы төлемақы белгiленедi. Үшiншiден, Паралимпиада ойындарында 1-6 орындар жеңiп алған спортшыларға 50 мыңнан 4 мың АҚШ долларына дейiн сыйақы берiледi", - деп атап өттi ол.
Еске сала кетейiк, қазақстандық спортшылар жақында аяқталған Инчхондағы Пара Азия ойындарында 7 алтын, 6 күмiс және 11қола жеңiп алып, жалпы есепте 11-орынға ие болған едi.
"Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшылардың барлығы - жеңiмпаз. Себебi олар өз-өздерiн жеңе бiлiп, Паралимпиада қатысуға мүмкiндiк жеңiп алды. Сiздер осыншама медаль жеңулерiң керек деген сияқты талаптарды қойғымыз келмейдi. Олар жастарымызға үлгi. 2013 жылғы статистика бойынша 600 мыңнан астам мүмкiндiгi шектеулi жандар бар. Соның iшiнде 200 мыңнан астамы ғана спортпен айналысуға мүмкiндiк алған және жаңа медициналық ем алуға рұқсатнама ала алады. Өкiнiшке орай, 200 мыңның 18 мыңы ғана, тек 8 пайызы бiзде дайындалуда. Бiздiң мақсатымыз осы жеңiстер арқылы қалған азаматтарды спортпен айналысуға ынталандыру", - дедi Т. Есентаев.