«Ендігі қазақ қоғамында көпшілікті толғандыратын мәселенің бірі - діни ахуалдың жай-күйі. Әрине, біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзхәбын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Жастардың үлкендерді сыйлауға негіздеген. Біздің ата-бабаларымыз ешуақытта қыз баланың бетін бүркемеген. Ендеше бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
17:26, 14 Желтоқсан 2012
Бүгінгі ұрпақ әлемдегі ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал - Н. Назарбаев
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат -Бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі салтанатына арналған жиында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.