Диалогтық алаңның спикерлері Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) -2030 жаңа стратегиясын әзірлеудің қажеттігін мәлімдеді.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов ОАӨЭЫ өзін тиімді даму институты ретінде танытқандығын атап өтті.
«Бүгінде 29 млрд АҚШ доллары сомасындағы жобалар жүзеге асырылған және іс асырылу деңгейінде. ОАӨЭЫ - бұл ставкалары берілген кредиттер бойынша тиімді болып табылатын қарыздар, жеңілдікпен және ұзақ мерзімдік кезеңге берілуі мүмкін. Яғни, бұл ынтымақтастық болып табылады, себебі жобалар аймақтық маңызға ие, олар экономикалық дәліз арқылы жүзеге асырылуда. Сондықтан тиімділікті еселей түседі, өйткені өңірдегі барлық елдерді қоса отырып, солар арқылы өтеді», - деді вице-министр.
Оның пікірінше, жаңа сын-қатерлер мен қауіптердің пайда болуына орай әлемдегі өзгеріп жатқан ахуалдар жаңа стратегияда өзара іс-қимыл саласын кеңейтуді, қабылданған шешімдерге келтіріп отырған кедергілерді жоюды қажет.
«Сондықтан бүгінде ОАӨЭЫ-ның 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиясын дайындаудың кезеңінде тұрмыз. Біздің аймаққа әсер ететін халықаралық қаржылық институттар пайда болуда. Меніңше, стратегияда секторларды, салаларды, белгіленген мақсатты индикаторларды кеңейту қажет, сондай-ақ шешім қабылдау тетігін оңайлатуға болады», - деді Р. Дәленов.
Ол Қазақстанда жаңа стратегияға зор сенім артылып отырғандығын атап өтті.
«Бүгінгі кездесу ОАӨЭЫ-2030 жаңа стратегиясының әзірлеуін жақын арада басталуына маңызды үлес қосатынына сенімдімін. Ол барлық елдер мен секторлардың сұранысын ескеретін болады», - деді ол.