АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінгі жастар зұлмат соғыстың не екенін білмей өссін деп тілеймін. Бүгін елордадағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында өткен мерекелік шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Смирнова осындай тілегін білдірді.
«Зұлмат соғысты көрген біздің буын еліміздің көк аспанында әрқашан да бейбітшілік болуы үшін көптеген қиындықтарды бастан кешіріп, тағдырдың мол тауқыметін тарттық. Ендігі уақытта қазіргі буын мен болашақ ұрпақ еш уақытта зұлмат соғысты көрмесін деп тілеймін», - деді Т.Смирнова.
1923 жылы дүниеге келген ол Соғыстың алғашқы жылында-ақ майданға аттанған болатын. Талай қиындықтарды бастан кешірген Т.Смирнова елге 1945 жылы Румыниядан оралды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.