Министрдің айтуынша, осы уақыттан бастап, Қазақстан мен Ресей арасында бірыңғай кедендік аймақ қалыптасты. Енді Ресеймен арадағы тасымалданатын тауарлар декларацияланбайды.
Сондай-ақ осы екі мемлекетке тасымалданатын тауарлар бірыңғай импорттық бажбен енген болса, оларды кедендік процедурасыз, яғни кедендік декларациясыз өтеді. Бұған қоса Қазақстан азаматтары үшін 3-10 жылдың аралығында пайдаланылған көліктер үшін жеңілдетілген режім күшіне енеді, деді Ж. Айтжанова.