деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін жедел шақырту және анықтама қызметін алу үшін азаматтар «112» нөмірін теретін еді. Бұл шешім ҚР Үкіметінің 2009 жылғы қыркүйектің 24-дегі «Қолданушыларға тегін болып табылатын медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, апат, анықтама және басқа да жедел байланыс түрлері тізімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Байланыс және ақпарат министрлігі мен «Астанателеком» қалалық телекоммуникация орталығына келіп түскен хаттар негізінде қабылданып отыр.