Бүгіннен бастап Ресейде зейнетақы көтеріледі

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Ресей Зейнетақы қоры кірістерінің өсім индексіне байланысты ресейліктердің еңбек зейнетақысы көтеріледі,

деп хабарлады ИТАР-ТАСС

Сондай-ақ сәуірден бастап әлеуметтік зейнетақы да көбейеді.

37 млн. ресейліктің еңбек зейнетақысы 3,41 пайызға, ал шамамен 3 млн. зейеткердің әлеуметтік зейнетақысы 14,1 пайызға жоғарылады. 1 сәуірден бастап 16,6 млн. ресейліктің айсайынғы ақша төлемдері 6 пайызға индекцияланады.

Индексация нәтижесінде қарттығына байланысты еңбек зейнетақысы 9,8 мың рубльді құрайды.